Accessibility links

Ұлттық банкінің төрағасы Ираклий Манагадзенің мәлімдеуінше, Грузия – дефолттың табалдырығында тұр.


ТБИЛИСИ: Грузия – дефолттың табалдырығында, яғни сыртқы қарыздарын өтей алмайтын жағдайдың алдында тұр. Гүржістанның Ұлттық банкінің төрағасы Ираклий Манагадзе бейсенбі күні осылай деп мәлімдеді. Оның Тбилисиде журналистерге хабарлағанындай, ел сыртқы қарыздарын өтей алмай отыр және несие берушілердің Париж клубына төлейтін қарыздарының кестесін көптен бері бұзып келеді. Грузин үкіметі өзінің 2 млрд. долларға жуық сыртқы берешегін қайтару мерзімі ұзартылады деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG