Accessibility links

Танктердің қолдауына сүйенген Израильдің әскери бөлімдері өткен түнде Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласына басып кірді.


ТАЯУ ШЫҒЫС: Танктердің қолдауына сүйенген Израильдің әскери бөлімдері өткен түнде Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласына басып кірді. Одан 1 күн бұрын израильдіктер Наблус, Дженин және Тулькарм қалаларында терроризмге қарсы шарасын жүзеге асырылды. Израиль армиясының бұл әрекеттері Иерусалим қаласындағы террористік қастандықтың артынша жүзеге асырылуда. Әлгі қастандықтың нәтижесінде 20 кісі құрбан болып, 100-ден аса адам жараланды. Һаза аумағында Израильдің әскери тікұшақтары бейсенбі күні зымырандық соққы беріп, экстремистік “Хамас” тобы көсемдерінің бірі Ысмайыл Әбу Шанабтың көзін жойды. Палестина автономиясының премьер-министрі М.Аббас Әбу Шананбтың қазасы – экстремистік ұйымдарға қарсы күрес мәселесін едәуір ауырлатады деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG