Accessibility links

Иранның Аргентинадағы бұрынғы елшісі Хади Сүлейманпұр қамауға алынды


Британияда бүгін Иранның Аргентинадағы бұрынғы елшісі Хади Сүлейманпұр қамауға алынды. Хади Сүлейманпұр Британияның бір университетінде ғылыми қызметпен шұғылданады. Хади Сүлейманпұр 1994 жылы Аргентинада Еврей мәдени орталағына шабуыл ұйымдастырды деп айыпталады. Бомбаның жарылысынан Буенос Айерес қаласында 85 адам қаза тапқан. Хади Сүлейманпұрды Аргентинаға беру-бермеу мәселесі Лондон сотында бүгін қаралады. Аргентина барлау мекемесі 1994 жылғы қастандықты Иран ұйымдастырды деп біледі. Иран мұны жоққа шығарады. Хади Сүлейманпұрдың қамауға алынғанына Иран сыртқы істер министрлігі бүгін қолма қол наразылық танытты.
XS
SM
MD
LG