Accessibility links

Палестиндіктер Шдерот қаласын зымырандармен атқылады


Таяу Шығыста жанжал бүгін жалғаса түсті. Израил әскері кеше "Хамас" жауынгерлік тобының басшысы Исмаил Абу Шанабты өлтірді. Оның екі оққағары да қаза тапты. Осыған жауап ретінде палестиндіктер бүгін түнде Израилдің Шдерот қаласын зымырандармен атқылады. Кейбір зымырандар Газа қаласындағы еврей қонысына түсіп, бірнеше үй мен мәшинені қиратты. Исмаил Абу Шанабтың қазасынан кейін "Хамас" және "Ислам жихады" ұйымдары оқатуды тоқтату жөніндегі келісімнен шығатындарын жариялады. Келісімге маусым айында қол жеткізілген болатын.
XS
SM
MD
LG