Accessibility links

Колин Пауелл одақтастар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы қызметі белсендене түседі деп мәлімдеді


Ирақта Біріккен Ұлттар Ұйымының кеңсесіне шабуыл жасалып, 23 адам қаза болған соң Америка Құрама Штаттары одақтастар әскеріне көбірек елді қатыстыруды қолға алды. АҚШ сыртқы істер министрі Колин Пауелл кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннанмен кездесіп, Ирақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылады. Колин Пауелл АҚШ бастаған одақтастар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы қызметі одан ары беки түседі деп мәлімдеді: - Ирақтан кетпеуге Біріккен Ұлттар Ұйымының ынтасы баршылық, одақтастардың ынтасы да баршылық, Біріккен Ұлттар Ұйымының да ынтасы баршылық. Саддам Хұсейннің билігін сейілтеміз деген уәдеміз іске асады, мұны Ирақтың барша азаматы сезінетін болады. Ирақта АҚШ-тың әскери әкімдігі үстем болуы шарт емес. Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа қаулысына сәйкес Ирақтағы шаруаларға басқа да елдердің атсалысқаны жөн, дейді Колин Пауелл. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро кешегі мәлімдемесінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Ирақтағы орны арта түссін, бірақ одақтастардың әскерін АҚШ басқара берсін деп сипаттады. Ираққа қазір Франция, Германия, Үндістан және Пәкістан әскер жолдап отыр. Ирақта кеше сондай ақ кеше тағы бір американдық сарбаз қаза тапты. 1 мамырдан бері сөйтіп Ирақта 64 американдық сарбаз қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG