Accessibility links

Ммемлекеттегі мұнай-газ кешенін дамыту үшін жаңа заң қажет

  • Гүлмира ХАМЗА

Қазақстандық мамандардың пікірінше, мемлекеттегі мұнайгаз кешенін одан әрі дамыту үшін жаңа заң қажет

21-ші тамыз күні Алматыда «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнай операцияларын заңдық тұрғыдан реттеу және мемлекет тарапынан шекттеу» атты халықаралық, ғылыми тәжірибелік конференция басталды. Қазақ Академиялық Университетінің ректоры, академик Салық Зимановтың айтуынша, мұндай конференция ТМД мемлекеттері арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Қазақ Академиялық Университетінің ректоры, академик Салық Зиманов:

- Конференцияның маңызы зор, деп ойлаймыз. Себебі мұнай мен газ бүгінгі біздің ұлттық байлығымыз. Біздің қуатымыз, үкіметіміз бен халқымыздың болашағы мұнайға байланысты. Халықаралық жаңалықтар бойынша, Қазақстан бюджетіндегі мұнайдың көлемі 55 пайызға жетіп отыр. Сол себептен барлық байлық мұнайда. Қазір үкімет, президент, басқада мекемелер мұнайдан алатын өнімді қалай көбейтеміз, деп ойланып отыр.Сол себептен бұрын жіберген қателерді ретке келтіре отырып, түсініктеме бере отырып, болашақта сол қателерді жібермеу керек.

Халықаралық Еуразия академиясының президенті Сағындық Сатыбалдиннің пікірінше, мұнай саласында жұмыс жасайтын шетелдік инвесторлармен келісімге келгенде Қазақстанның барлық мүддесі қорғалуы керек. Күні бүгінге дейін, бұл мәселеде жіберелген кемшіліктер көп.

Халықаралық Еуразия академиясының президенті Сағындық Сатыбалдин:

- Мұнай өндіру үлкен мәселе болатын болса, оны зерттеу, табу екінші мәселе. Үшінші мәселе оны шет елге шығыру. Шет елге шығарғанда қай елге шығарамыз, қалай шығарамыз. Шет елге шығарудың 12 жолы бар, сол 12 жолдың ішінде мына Ресей арқылы шығаратын жолды әңгімеледік бүгін. Екінші жол мына Батыс Қазақстан мен Қытай. Оның ұзындығы өте алыс 6400 километр. Мұндай жол дүниежүзінде болмаған, осындай құбыр салынып жатыр. Бұл, әрине, Қазақстанның экономикасына әсер етеді. Бұл жолдың болашағы мол, келешегі бар, себебі Шығыс елдерде көлік көп, техника көп, бірақ бұл елдерде мұнай өте аз. Сол себептен қанша алыс болсада, жоба қымбат болсада Шығыс елдері бізге қол созып отыр. Біз өз кезегімізде, мұнай құбыр жобалары арасында ең жақсысын таңдап алуымыз керек. Қазақстан мүддесін қорғау мақсатында Сағындық Сатыбалдиннің пайымдауынша, шетелдік инвесторлармен қол қойылған келісім шарттарды қайта қарастырса болады.

Халықаралық Еуразия академиясының президенті Сағындық Сатыбалдин:

- Іске асып жатқан әр-бір жұмыс, әр-бір шаруа заңмен жүзеге асу керек. Батыс мемлекеттерде заңсыз еш нәрсе іске аспайды. Біз келісім-шартқа келіп, көп жағдайда ұтылып отырмыз. Бұрынғы келісім шарттарды қайта қарау керек, деген ұсыныс жасалып жатыр. Менде солай ойлаймын, қайта қарау керек,бірақ үкімет адамдары біздің беделіміз төмендеп қалады, дегенді айтады. Бізге беделіміз қажет пе, әлде ұлттың пайдасы қажет пе ? Сол себептен жаңа заң шығады, бұл заңда жіберілген қателіктерді ескеріп, бар мүмкіндікті пайдалану керек. Жіберілген қателерді реттеу керек. Бүгінгі конференцияға келгендердің барлығының мақсаты бір-Қазақстаннан шығатын мұнайды жақсылап өндіру, өңдеу, шет елге шығару, Қазақстанға пайда әкелу.

Академик Салық Зимановтың пікірінше, бұрын қол қойылған келісім шарттарды қайта қарау мүмкін емес.

Қазақ Академиялық Университетінің ректоры, академик Салық Зиманов:

- Қайтадан қарау керек, бірақ бұл мүмкін емес. Мәселе осындай болып отыр. Біз шет елден келген инвестолрларды шошытып аламыз, өзіміздің техникамыз жоқ, құрал-жабдықтарымыз жоқ, тек өніміміз бар. Заңды дұрыстау керек, ұлттың мүддесін қорғау керек, халықтың пайдасын ойлау керек.

Қалай болғанымен конференцияға қатысушылар Қазақстанның мұнайгаз саласында бар мәселені шешу үшін осындай жиындар болып тұру керек деген ойда.
XS
SM
MD
LG