Accessibility links

Алматы коммунистері Ленин ескерткішін қорғаштайды


Алматы коммунистері республикада В.И.Ленин бастаған революционерлер ескерткіштерін алып тастауға наразылық танытып, баспасөз мәслихатын өткізді

Арсентий Аполимов бастаған Алматы қалалық маркстік-лениндік солшыл күштер блогы бағытындағы коммунистер мен жұмысшы қозғалысының өкілдері Қазақстанда В.И.Ленин бастаған революция көсемдеріне қойылған ескерткіштерді бүлдіріп, оларды алып тастау әрекеттеріне қарсы наразылық танытып, жұма күні Демократия үйінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Арсентий Аполимовтың айтуынша, соңғы кезде бұзақылар вандалистік әрекеттер жасап, экстремистік шараларға барып, Ленин бастаған революционерлер ескерткіштерін бүлдіру, оларды қала орталықтарындағы тұғырларынан алып тастау жоспарлы түрде жасалып отырған әрекет. Совет мемлекетінің кезінде орнатылған архитектуралық сәулет ескерткіштері кешегі тарихи дүниелер. Осылайша кейінгі ұрпақ санасынан қазан төңкерісін өшіру шарасы жалғасуда, деген пікір білдірді.

Алматыдағы солшыл күштер блогы құрылғаныныа бір аптадан асты. Оның құрамына коммунистер мен қатар, Алматы қалалық жұмысшылар қозғалысы, бүкілодақтық большевиктер партиясы, ардагерлер қоғамығ ауған соғысына қатысушылар кірген.

Қала коммунистерінің солшыл күштері саналатын ұйымның басшылары өткізген баспасөз мәслихатында Өзбекстан мен Ресейден келген өкілдер қатысып, алматылық әріптестерін қолдайтындықтарын білдірді. Өзбекстанда да жаппай Ленин мен басқа да төңкеріске қатысушыларға арналған ескерткіштер алынып тасталғандығы айтылды.

Ал Ресейде Ленин ескерткіштері әлі тұр, алайда Ленин музейлері жаппай жабылған. Соңғы 11-12 жылда өткенді қаралау, қазан революциясын жамандау насихаты ұдайы жүргізілуде дегенді айтты өз кезегінде ресейлік өкіл.
XS
SM
MD
LG