Accessibility links

Қонаевтың дүниеден өткеніне 10 жыл


22-тамыз күні Қазақстанды көп жылдар басқарған Дінмұхамед Қонаевтың Қонаевтың дүниеден өткеніне 10 жыл толды

22-тамыз күні Қазақстанды көп жылдар басқарған Дінмұхамед Қонаевтың дүниеден өткеніне 10 жыл толып отыр. Осыған орай, жұма күні Алматыдағы Қонаев ескерткішінің маңында митинг ұйымдастырылды.

Онда жиналған Қазақстан зиялы қауымы өкілдері ескерткішке гүл қойып, Дінмұхамед Ахметұлын еске алды. Өткенге көз жіберу арқылы естеліктер айтып, бүгінгі күнгі жағдайды саралады. Солардың бірі бір кездері Дінмұхамед Ахметұлымен қызметтес болып, Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған, қазірде Дінмұхамед Ахметұлы атындағы халықаралық қор басшысының орынбасары Кеңес

Ауқадиевтың айтуынша, Дінмұхамед Ахметұлының көп жылдар бойы елге атқарған қызметінің бағасын, ең бастысы, бүгінде халық жоғары бағалап отыр. Қазірде Қазақстанда Дінмұхамед Ахметұлының атын иеленген мектептер, жоғары оқу орындары, көшелер бар, ел- ағасының өмірінен сыр шертетін кітаптар жарыққа шығарылуда. Көптеген қалаларда ескерткіштер де бой көтерген. Соның бірі үстіміздегі жылдың 16-тамызында Дінмұхамед Ахметұлының дүниеден өткеніне ораластырылып, Алматы облысының Алакөл ауданында тағы бір ескерткіш орнатылды.
XS
SM
MD
LG