Accessibility links

Армения соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге өз үлесі ретінде бұл елге 10 маманнан құралған шағын әскери жасақ жолдамақ жоспары бар екенін малімдеді.


Армения соғыстан кейінгі Ирақты қалпына келтіруге өз үлесі ретінде бұл елге 10 маманнан құралған шағын әскери жасақты, сондай-ақ, 3 дәрігерді жолдамақ жоспары бар екенін малімдеді. Армян Қорғаныс Министрі қызметін атқарушы генерал-полковник Михаил Арутюнян бұл мамандардың А.Қ.Ш. көмегімен арнайы жаттығудан өткенін хабарлады. Бұл шешімді әлі де Армян Парламенті бекітуі тиіс. Армян Қорғаныс Министрі қызметін атқарушы генерал-полковник Михаил Арутюнянның сөзінше, мұндай қадамға Армeнияны Ирақтың жағрапиялық жағынан жақын болуы ғана емес, онда 30 мыңға тарта армян ұлты өкілдерінің жасап жатқаны да итермелеп отыр.

Едіге Мағауин

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG