Accessibility links

Ирақтың солтүстігіндегі Киркүк қаласында Түркімендер мен Күрдтер арасындағы тағы бір қақтығыс болды.


Түрік ақпарат құралдарының және американ әскерилерінің хабарлауынша, бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Киркүк қаласында Түркімендер мен Күрдтер арасында болған атыс кезінде 2 Түркімен мерт болып, бірнешеуі жарақат алған. Түрік ақпарат құралдарының хабарына сүйенер болсақ, Түркімендер мен Күрдтер арасындағы атыс Түркімендердің наразылық шеруі кезінде шыққан. Американ әскерлері танкілер мен тік ұшақтарды пайдалана отырып, екі арадағы қақтығысты тоқтатпақ болған. Адам өліміне кімнің жауапты екені әзірге беймалім. Ирақта жасайтын ұлт азшылықтары боп есептелетін бұл екі ұлт өкілдері арасында кеше болған қақтығыс кезінде кемінде 5 Түркімен мен 3 Күрд мерт болған. Хабарларға қарағанда, қақтығыстың шығуына таяуда ғана қалпына келтірілген Түркімен діни әулиесінің кесенесін Күрдтердің қиратып тастауы себеп болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG