Accessibility links

Қытай алда өтетін алтыжақты Корей келіссөздеріне дайындығын жалғастыруда.


Aлда өтетін алтыжақты Корей келіссөздері аймақта қалыптасып отырған шиеленісті жағдайды шешуге өз септігін тигізбек,- деп малімдеді Қытай С.İ.М. Бұл жөнінде Қытайдың ресми Синхуа агенттігі бүгін хабарлама таратты. Қытай С.İ.М. тамыздың 27-29-ы аралығында өтетін алтыжақты Корей келіссөздеріне орай американ Мемл.Хатшысы Колин Пауелмен және Ресей С.İ.М. Игор Ивановпен телефон арқылы келіссөз өткізген. Қытай өкілі, сондай-ақ, Солт.Кореяның Қытайдағы елшісі Чое Джин Су мен кездескен. Алдағы сәрсенбіде Бежіңде басталуы тиіс алтыжақты келіссөздерде екі Корея, А.Қ.Ш., Қытай, Ресей және Жапония дипломаттары бас қосып, Солт.Кореяның ядролық қару бағдарламасына байланысты қалыптасып отырған шиеленісті жағдайды шешуі тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG