Accessibility links

Бразилия ғарыштық орталығында болған жарылыс салдарынан 21 адам мерт болған.


Бразилия ресми орындарының хабарлауынша, елдің ғарыштық орталығында болған жарылыс салдарынан 21 адам мерт болған болуы мүмкін. Қорғаныс Министрі Хосе Виегастың айтуынша, Ғарыштық орталықтың 16 қызметкерінің мәйіті табылған, енді бесеуі әзірге із-түссіз жоғалып отыр. Апатты жағдайдың шығуына ғарышқа аттануға әзірленіп жатқан зымыран двигательдерінің бірінде болған жарылыс себепкер болса керек. Латын Америкасы елдері арасында ең бірінші боп ғарышқа жол ашпақ боп отырған Бразилия үшін бұл ғарыштық бағдарламадағы осымен 3ші сәтсіз жағдай. Бұған дейін 1997 және 1999 жылдары ғарышқа зымыран ұшырмақ болған Бразилияның әрекеттері де сәтсіз аяқталған еді.
XS
SM
MD
LG