Accessibility links

Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында бүгін 3 британ әскері мерт болды.


Ирақтың оңтүстігіндегі Басра қаласында бүгін 3 британ әскері мерт болып, тағы бірі жарақаттанды. Британ әскери басқарамасы оқиғаның егжей-тегжейін хабарламады. Алайда куәлардың айтуынша, британ әскерилерiнің мәшинесіне қарсы келе жатқан мәшине оқ жаудырған. Бұл екі арада, Бағдадта апта басында болған Б.Ұ.Ұ. ғимаратына қарсы шабуылдан кейін өз әрекеттерін уақытша тоқтатқан Ұ.Ұ.ның 200ге тарта қызметкері бүгін өз жұмыстарын қайта жалғастырды. 23 адамның өліміне себепкер болған Б.Ұ.Ұ. ғимаратына қарсы шабуылдан бері әлем жетекшілері Ирақтағы қауіпсіздік мәселесін қайта таразы басына сала бастады. Кешегі малімдемесінде А.Қ.Ш. президенті Дж.Буш Ирақтағы американ жасақтарына жардем ретінде басқа да шет елдердің әскерлері келіп қосылатынына өз үмітін білдірді. Ал Б.Ұ.Ұ.ның Бас хатшысы Кофи Аннан болса, Ұ.Ұ.ның Ирақтағы әрекеттеріне кеңірек мандат берілмесе, бұл елге шет елдік әскердің келіп орналасуы қиын болады деді. Бұл мәлімдемені Б.Ұ.Ұ. Бас хатшысы кеше Нью Йоркта Британ С.İ.М. Джек Стромен болған кездесуден кейін жасаған. Британ С.İ.М. бұған дейін Ирақтағы әскери басшылықты американдықтардың өзі ұстап тұрған абзал деп малімдеген тұғын.
XS
SM
MD
LG