Accessibility links

«Әкімдер заңсыз шешімдерін мойындағылары келмейді»


Тамыздың 22-і күні Әділет министрлігінде өткен кеңесте мекемелік және аймақтық салада құқықтық актілер дайындаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Премьер-министр Кеңесесінің заң бөлімінің сектор меңгерушісі Бекболат Әлмәдиевтің айтуынша, Үкіметтің 2003жылға арналған заң жобаларын дайындау жоспарының жағдайы жақсармаған. Жоспардың орындалуы тиісінше деңгейден көріне алмай отыр. Осы жылдың бірінші тамызындағы жағдай бойынша Мәжіліс қарауына 26 заң жобасы жіберілуі керек болған, алайда, тек 11 заң жобасы ғана енгізілген. Бұл заң жобаларының өзінен көптеген кемшіліктер табылып отыр.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті бастығының орынбасары Сәуле Айтпаеваның айтуынша, мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде заңдылықтың бұзылуына жол берілуде. Салғырттық оқиғалары жаппай орын алуда, 2002-ші жылы заң талаптарына сәйкес келмейтін Үкіметтің 22 қаулысы және орталық атқарушы органдардың 14 актісі анықталды.

Биылғы жылы прокурорлар 20 мыңнан аса заңсыз актіні анықтаған. Оның 600 ден астамы нормативтік сипатта. Осындай жағдайда 50 мыңдай азаматтың құқығы қорғалған.

Сәуле Айтпаеваның айтуынша, бұзылған актілердің көбісі асығыс, талдау жасалмай қабылданған.

Оның айтуынша, әкімдер қабылдаған құқықтық актілер өзекті мәселеге ие болып отыр. Оыс жылдың бірінші жартысында прокурорлық кесімдер бойынша әртүрлі деңгейдегі әкімдіктердің 7 мыңға жуық заңсыз актілері өзгертілген және бұзылған. 1999 жылдан бүгінгі күнге дейін осындай заңсыз актілер көлемі өсуде,-деді ол.

Сәуле Айтпаеваның айтуынша, әкімдер өздерінің заңсыз шешімдерін мойындағылары келмейді екен. Осындай себептер сотта қаралатын істердің созылуына мәжбүр етіп отырған көрінеді.

Бас прокуратура Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 20-дан аса заңсыз актісін анықтаған.

Бұдан басқа олар Үкіметте көпшіліке беймәлім, жарғылық қоры бар болғаны 77 мың теңге болатын «Бипек-авто» жеке фирмасының мүддесін қорғаған. Сөйтіп, бұл фирма республикаға АвтоВАЗА өнімдерінің эсклюзивтік импортері болып, және оған 2,7 миллиард теңге бюджет қаржысы бөлінген.

Шығыс Қазақстан обылысы әкімі аппараты басшысының орынбасары және құқық бөлімінің меңгерушісі Таумұрат Лұқпанов болса, биылғы жылғы мамыр айындағы тексеру актісі бойынша тексерілген кезеңде ШҚО әкімі 47 шешім және 33 өкім шығарған. Облыс әкімдігі 142 қаулы қабылдағаны, аталған кезеңде тіркеуге жататын,бірақ заңдарда көзделген тәртіп бойынша тіркеуге берілмеген облыс әкімі шығарған шешімдер мен әкімдіктің қаулысының анықталмағанын айтты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитеті бастығының орынбасары Сәуле Айтпаева, облыс әкімдері мемлекеттік мүдде үшін осылайша қам жеп отырса, қолданыстағы заңдарды жаппай бұзатын аудандық әкімдерден не күтуге болады,-дейді.
XS
SM
MD
LG