Accessibility links

Құтқарушылар тобы осыдан бір ай бұрын Пакістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласы маңында Араб Теңізінде батып кеткен мұнай тасушы танкерден шикі мұнайды сорып алу жұмыстарын жексенбі күні қайта бастады.


Жағалаудан екі шақырымдай жерде су астына кеткен бұл мұнай танкеріндегі құтқару шаралары теңіздегі дауыл салдарынан бейсенбі күні тоқтатылған болатын. Карачи су бекетіндегі ресми қызметкер Ифтихар Аршадтың айтуынша, су астындағы танкерден мұнайдың сыртқа ашуы сенбі күні күшейіп, ол мұнай жағалауға жете бастаған. Танкер 67 мың тонна шикі мұнай тасымалдап бара жатқан еді. Қазір су түбіндегі танкерде алі де 20 мың тонна мұнай бар деп есептеліп отыр.

Едіге Мағауин

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG