Accessibility links

Ауған Әділет Министрі коммунистердің елдегі ықпалына шектеу қою жөнінде ескертті.


Ауғаныстан Әділет Министрі Абдул Рахим Карими елде саяси партиялар туралы жаңа заң күшіне енген кезінде коммунистердің әрекетіне тиым салынатынын малімдеді. Бұл мәлімдемені Ауған Әділет Министрі жұма күні ел астанасы Қабылда кезінде Советтерге арқа сүйеген бұрынғы коммунистер өз партиясын қайта саяси сахнаға шығаратынын хабарлауынан кейін жасап отыр. Ауған Әділет Министрі, сонымен қатар, демократияны қамтамасыз ету үшін түрлі саяси партиялардың әрекетіне жол ашылатынын атап өтті. Сондақ ақ, ол жаңа заңға сәйкес саяси партиялардың шет елдерден қаржы алуына тиым салынатынын, бұл Ауғаныстанның егемендігін қамтамасыз ету үшін қажет шара екенін атап өтті. Ауғаныстандағы Талибан билігі құлағаннан беріде елде жүзден астам ұсақ саяси партиялар пайда болды, алайда әлі күнге дейін елде саяси партиялар туралы заң жоқ.
XS
SM
MD
LG