Accessibility links

Соңғы 24 сағатта Шешенстанда 6 орыс әскері мерт болып, тағы 21-і жарақат алған.


Мәскеу тарапынан тағайындалған Шешенстан акімшілігінің бір ресми қызметкері берген мәліметтерге қарағанда, соңғы 24 сағатта республикада 6 Ресей әскері мерт болып, тағы 21-і жарақат алған. Өз атын атамауды өтінген бұл ресми қызметкердің сөзінше, Ресей әскери ұшақтары оңтүстіктегі Ведено маңындағы, ал артилерия Урус Мартан, Итум Кале, Шали маңындағы көтерілісшілердің бекенісі деген күдік туындаған жерлерді оқ астына алған. Аталмыш ресми қызметкердің айтуынша, кеше Ресей әскерлері көтерілісшілердің іздестіру барысында 120 адамды тұтқындаған.
XS
SM
MD
LG