Accessibility links

Израилдік зымыран шабуылынан қарулы Хамас тобының тағы бір жетекшісі мерт болды.


Жексенбі күні кешкісін Газа алқабында болған бұл шабуыл кезінде Израилдік зымыран нысанасына ілінген мәшинедегі 4 адам мерт болды. Бұлардың бірі Хамас тобының қарулы қанаты Изз-әл-Дин әл-Қассам-ның мүшесі Ахмед Штеуе болған. Израил әскері қарулы топ мүшелерін нысанаға алатынын бұған дейін ескерткен болатын. Бейсенбі күні Израил осы Газа алқабында Хамас тобы жетекшілерінің бірі Исмаил Абу Шанабты тік ұшақтан атылған зымыранмен өлтірген болатын. Бұл шабуылдан кейін Хамас және басқа да әскери топтар жеті аптаға созылған атыстарды тоқтату келісімін бұзатынын мәлімдеген еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG