Accessibility links

Ирақ Күрдтері Түркияны шекаралық қаланы атқылағандықта айыптап отыр.


Ондаған адамның өліміне себепкер болған Ирақтың солтүстігіндегі Күрдтер мен Түркмендердің қақтығысынан кейін жетекші Күрд партиясы Түркияны шекаралық Күрд қаласын снарядтардан атқылағандықта айыптады. Масуд Барзани жетекшілік ететін Күрдістан Демократиялық партиясының мәлімдемесінде Түркияның шекаралық Баруари Бала қаласына 15-тен астам снаряд атқылағаны айтылған. Бұл малімдеме партия иелігіндегі КТВ теледидар арнасынан оқылды. Теледидар арқылы таратылған хабарға қарағанда, атыс адам шығынына алып келмеген, алайда жергілікті тұрғындардың өз үйлерін тастап шығуына себепкер болған.
XS
SM
MD
LG