Accessibility links

Гаага Трибуналы жазғы үзілістен кейін Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің ісін қарауға қайта кірісті.


ГААГА: Әскери қылмыстар бойынша Гаага Трибуналы жазғы үзілістен кейін Югославияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің ісін қарауға қайта кірісті. Соғыс кезіндегі Хорватия мен Косоводағы әскери қылмыстар жөніндегі материалдардан соң, айыптаушы жақ сотқа Босния мұсылмандарына қарсы геноцид саясатының куәгерлері мен айғақ-деректерін ұсынбақ. Дүйсенбі күні сотта сондай куәгерлердің бірі сөз сөйледі. 31 жастағы Дражен Эрдемович өзінің атсалысумен 1995-інші жылы Сребреница қаласында мұсылмандардың жаппай дарға асылғаны туралы дәйекті мәлімет берді. Оның өзін қылмыстары үшін Трибунал 5 жыл мерзімге кесіп, қазір бостандыққа шығып үлгерді.
XS
SM
MD
LG