Accessibility links

Мароккода Касабланка қаласындағы мамыр айында болған террористік қастандыққа қатысы бар деген күдік бойынша 34 кісінің үстінен сот үрдісі басталды.


РАБАТ: Дүйсенбіде Мароккода Касабланка қаласындағы мамыр айында болған террористік қастандыққа қатысы бар деген күдікпен 34 кісінің соты басталды. Әлгі қастандықтың нәтижесінде Касабланкада 45 адам, оның ішінде жанпидашыл 12 террорист қаза болған еді. Сотқа Франсияның 1 азаматы және 33 мароккалық тартылып, оларға өзара қылмыстық ұйым құрды, қасақана кісі өлтірді және заңсыз түрде қару-жарақ пен қопарғыш заттар ұстады деген айыптар тағылуда. Тергеудің мәліметтері бойынша, айыпталушылар экстремистік “Салафистік джиһад” тобымен тығыз байланысты, ал оның жасақтары Касабланкада бірнеше жарылыс ұйымдастырды. Осыдан екі апта бұрын Мароккода 4 террорист өлім жазасына кесілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG