Accessibility links

Бомбей қаласындағы қуатты 2 жарылыстың нәтижесінде, соңғы нақтыланған мәлімет бойынша, 44 кісі қаза болып, 150 адам жараланды.


БОМБЕЙ: Үндістанның Бомбей қаласында дүйсенбі күні болған қуатты 2 жарылыстың нәтижесінде, соңғы нақтыланған мәлімет бойынша, 44 кісі қаза болып, 150 адам жараланды. Жергілікті полицияның дерегі бойынша, бомбалар қаланың орталығындағы автотұраққа қойылған бірнеше таксиге тиелген көрінеді. Ол жарылыстарды әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алмай отыр. Үнді өкіметінің топшылауынша, террористәік қастандықты исламшыл экстремистік топтардың бірі ұйымдастыруы ықтимал. 1992-нші жылы Бомбейде үнді радикалдарының Айодохья қаласындағы мешітті бұзуына байланысты үндістер мен мұсылмандар арасында қанды қақтығыс болды.
XS
SM
MD
LG