Accessibility links

Афина қаласындағы сот – В.Гусинскийді Ресейге беру мәселесі шешілгенше, 45 күн бойы оны қамауда ұстау туралы үкім қабылдады.


АФИНА: Аты-шулы ресейлік кәсіпкер Владимир Гусинскийдің адвокаттары оны тұтқындау туралы шешімді Афинаның аппеляциялық сотына қайта қарату ниетін мәлімдеуде. НТВ телекомпаниясының бұрынғы қожайыны Ресей өкіметінің ордері бойынша Афина әуе жайында өткен аптада тұтқындалған болатын. Дүйсенбі күні Афина қаласындағы сот – В.Гусинскийді Ресейге беру мәселесі шешілгенше, 45 күн бойы оны қамауда ұстау туралы үкім қабылдады. Ресейдің Бас прокуратурасы оны 250 млн. қаржыны жымқырды деп айыптауда. Ресейдің сұрауы бойынша, 2000-ыншы жылдың желтоқсанында В.Гусинский Испанияда ұсталған болатын. Алайда испан соты оның айыбына дәлелдер жеткіліксіз деп бостандыққа жіберді.
XS
SM
MD
LG