Accessibility links

АҚШ президенті Дж.Буш “Жол картасын” – әлі де болса Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы деп есептейді.


ВАШИНГТОН: Израиль-палестина жанжалының қайта ушығуына қарамастан АҚШ әкімшілігі Таяу Шығыстағы ахуалды реттеудің халықаралық бейбіт жоспарын қайткен күнде де жүзеге асыруды көздейді. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Кандолиза Райстың дүйсенбіде мәлімдегеніндей, Дж.Буш “Жол картасын” – әлі де болса Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы деп есептейді. Райс ханымның айтуынша, палестиндіктерге тәуелсіз мемлекетін құруға мүмкіндік беру – Израильдің мүддесіне жауап береді. Алайда палестиндіктер алдымен терроризмді ауыздықтауға тиісті. Экстремистік “Хамас” тобы сол күні-ақ өзінің 4 белсендісінің қазасы үшін кек алатынын мәлімдеп, Израильге қатаң ескерту жасады. “Хамас” тобының 4 мүшесі жексенбі күні мерт болды – Израильдің әскери тікұшақтары олардың мәшинесін зымыраннан атқылап жойды.
XS
SM
MD
LG