Accessibility links

Ливан премьер-министрі Қазақстанға келмек


Ливан Республикасының премьер-министрі Әл-Харири ресми сапармен Қазақстанға келмекші

Тамыздың 27-і күні Ливан Республикасының бас министрі Әл-Харири мырза Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Бұл туралы дүйсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау басқармасы баспасөз баянын таратты.

Бұл жолғы сапарында Ливан елінің үкімет жетекшісі алдымен Астанаға ат басын тіреп, мұнда Қазақстанның бас министрі Даниал Ахметовпен ресми келіссөздер өткізеді. Ал, бейсенбі күні Әл-Харири Алматыға сапар шегіп, онда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Республика Парламенті Мәжілісінің төрағасы Жармақан Тұяқбаймен кездесетін болады. Сондай-ақ, сол күні шетелдік мейман Алматыда Қазақстанның іскер топ өкілдерімен кездеспекші деп хабарлайды Қазақстан Респубилкасының сыртқы істер мекемесінен.
XS
SM
MD
LG