Accessibility links

Қырғыз оппозициясы президенттік сайлау стратегиясын белгілеуге кірісті


Сенбі күні қырғыз оппозициясы өкімет тарапынан болып отырған қысымдарға қарамастан өткен жылы қанды оқиға болған жер Ақсы ауданында бас қосып алда келе жатқан президенттік сайлауға айланысты өз стратегиясын белгіледі.

Сенбі күні Қырғызстанның оппозициялық партияларының өкілдерімен бейресми ұйымдары Кербен қаласында жиналды деп жазады радиомыздың талдаушысы Чарлз Карлсон. Oппозицияның Ақсу ауданында бас қосуы кездейсоқ емес.

Осы Ақсы да өткен жылы жиналған халыққа полиция оқ жаудырып 5 кісі опат болғаны аян. Соныңмен, Кербен қаласында бас қосқан оппозиция бұл елдегі негізгі саяси мәселе 2005 жылы өткелі отырған президенттік сайлауға қатысты стратегия белгіледі. Бұ жиынға Ақаевты қызметтен кетіру жолындағы Қозғалыс, Асаба, Еркіндік, Еркін Қырғызстан, Жанғы Қырғызстан және Республика тәрізді қозғалыстар, партиялар қатысты. Құрылтайды ұйымдастырушылардың айтуынша жиынға 1200 делегат қатысқан. Үкімет болса небары 250 кісі жиналды дейді.

Ұйымдастырушылар Құрылтайды алғашында ел астанасы Бішкекте өткізбекші болған. Алайда, қала әкімшілігі оппозицияның ол талабын қабыл алмаған. Ал, Ақсыда болса жұрт оппозицияны қолдайтыны аян.

Өткен жылы наурыз айында Ақсы ауданының халқы өздері сайлаған депутат Асаба қозғалысының жетекшісі Әзімбек Бекназаровты абақтыдан шығарып алу үшін ашық шеруге шыққаны белгілі. Полиция шеруді атқылап 5 кісіні өлтіргені белгілі. Содан араға бірнеше күн салып үкімет түрмедегі Бекназаровты босатты.

Бүгінде түрмеде отырған оппозициялық Ар-Намыс партиясының жетекшісі Феликс Кулов осы Ақсы ауданы бүгінде қырғыз оппозициясы еркін бас қоса алатын бірден-бір орын деп біледі. Жұмыс кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен Феликс Кулов 10 жылға соталғаны аян. Ақсыда жиналғандар Феликс Кулов түрмеден шығарылсын деген үндеу қабылдады. Феликс Кулов радиомыздың тілшісіне өткен жұма күні түрмеден берген интервьюінде ең басты мәселеде оппозициялық партиялар бірігуі керек екенін айтты:

"Біз әрине оппозиция толық бірігіп кетеді дей алмаймыз. Алайда, олардың бәріне ортақ мәселелер бар. Біріншіден адам құқықтары, екіншіден елде ауторитарлық режимнің тұрақтануына тосқауыл қою"

Ақсыда өткен Құрылтайда сөйлеген сөзінде Әзімбек Бекназаров құрылғанына небары бір жыл болған Ақаевты қызметтен кетіру жөніндегі Қозғалыс мүшелерінің Конституциялык Кеңеске де мүше болып Ақаев режимін биліктен кетіруге өз үлестерін қосқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Бекназаров қырғыз оппозициясын бүгінге дейін бытыраңқы болып келді деп сынады, оларды ендігі жерде бірлікке шақырды. Құрылтайда сөз сөйлеген тағы бір шешен оппозициялық Еркіндік партиясының жетекшісі Топшыбек Тұрғынәлиев Ақаев бастаған қырғыз үкіметін кедейлікпен күресте түк бітіре алмады деді.

Үкімет айтқандай кедейлер 50-60 пайыз емес, халықтың 90 пайызын құрап отыр деді Тұрғынәлиев. Сондай-ақ,Тұрғынәлиев президент Ақаевтың қырғыз жерін Қытайға беріп жіберуінің қаншалықты заңды екенін дәлелдеу үшін бұ мәселені халықаралық сотқа беру керек деген ұсыныс түсірді.

Сенбі күні радиомызға берген интервьюінде Қырғызстан үкімет басының орынбасары Құрманбек Османов оппозицияның халықтың әлеуметтік жағдайына қатысты үкіметті сынауында ешқандай негіз жоқ екенін айтты. Сондықтан да, үкімет қызметтен кетпейді деді ол.
XS
SM
MD
LG