Accessibility links

Әзірбайжанда қазан айында болатын сайлаулардың әділ өтуі тиіс екендігін АҚШ Мемлекеттік департаменті тағы да қайталады.


Әзірбайжан өкімет басшысы Илхам Алиевпен Вашингтондағы кездесуі барысында екі ел арасындағы байланыстарды жақсартудың маңыздылығын талқыласқандарын Мемлекеттік департамент өкілі Филип Рекер хабарлап отыр. Осы айдың басында Әзірбайжан Парламенті Илхам Алиевтің өкімет басшысы болуын қолдап шыққан болатын. Үлкен Алиев болса қазіргі кезде Охио штатында ауруханада жатыр. Оппозиция өкілдерінің айтуынша, Илхам Алиевтің болашақ ел басылық сайлауларда жеңіске жетуіне жағдай жасау үшін ел Парламенті оны әдейі өкімет басшысы ретінде сайлап отыр. Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының орынбасары Рекер мырза Илхам Алиевпен түскі ас үстінде пікірлескен болатын. Оның барысында ол қазанның 15-не белгіленген сайлаулардың әділ болуының аса маңыздылығы жөнінде атап айтқан еді. Рекер мырза бұл сайлаулар Әзірбайжан заңдарына орай және халықаралық ережелерге сәйкес өтеді, - деп үміт білдіруде.

Нұрлытай Үркімбай
XS
SM
MD
LG