Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында екі тік ұшақ өзара соқтығысып, оның кесірінен бес адам қаза болып, біреуі жараланған.


Ресей Әуе күштерінің өкілі Александр Дробишевскийдің Итар-ТАСС-қа хабарлауынша, Ми-24 деген екі тікұшақ Приморье аймағындағы Черноговка алаңына қонуға бет алған кездерінде осындай аптқа душар болған екен. Осы оқиғадан 6 күн бұрын Қиыр Шығыстағы Сахалин аймағының губернаторы және басқа 19 адамды мінгізген Ми-8 тікұшағы Камчаткада апатқа ұшыраған болатын. Ол апаттан барлық жолаушылары мен тікұшақ ұшқыштары қаза болған еді, - дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG