Accessibility links

Осы аптада Ауғанстан, Пәкістан және БҰҰ-ның ресми өкілдері Ауған босқындарының жайын ақылдаспақшы.


БҰҰ жанындағы Босқындар ісі бойынша арнайы комиссар Маки Шинохараның айтуынша ол ресми өкілдер Пәкістан тарапының елдегі бірнеше босқындар лагерлерін бір-біріне қосып, қайбіреулерін жабу жөніндегі жоспарын талқылайтын болады. Аталған басқосулар барысында сондай-ақ, елге қайта оралған босқындардың Ауғанстан Ата заңындағы өзгерістерге үн қосуға ат салысуы және келер жылғы жалпы халықтық сайлауларға қатысу жайы да осы ақылдасулар барысында талқыланбақшы. Сайлаулар келесі жылдың маусым айына белгіленіп отыр.
XS
SM
MD
LG