Accessibility links

«Қазақстан су мәселесінен үш мемлекетке тәуелді»


Бұған дейінгі хабарымызда тамыздың 28-і мен 31 күндері Душанбеде өтетін су мәселесіне арналған халықаралық форумға Қазақстанның да қатысатынын айтқан едік.

Қазақстан осы халықаралық мәслихатқа қатысушы-донорларға су мәселесіне қатысты бірнеше жобаларды ұсынғалы отырғанынан хабардар еткенбіз.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Су ресустары жөніндегі комите төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, республикада су мәселесі өте қиын проблема болуда.

- Біз 10 жыл бойы осы мәселелерді көтеріп келдік. Суды бөлу дүниежүзінде қиын мәселе. Мәселен, дүниежүзінде 200-ден астам шекарада жатқан мемлекетаралық өзендер бар екен. Соны бірлесіп қол қойып шешу мәселесі шамамен 30-50-60 жылдарға созылады. Біз тезірек қол қоятын шығармыз. Екі рет келісімге қол қойдық. Бірақ іске асыру механизмдері жетіспей жатыр.

Оның айтуынша, экономикалық механизм, мемлекетаралық ұйымдардың мәртебесі, ешқандай кедергісіз шекаралардан өтіп тұру мәселелері әлі де жетіспей жатқан көрінеді. Сондықтанда кейінгі бағдарламаларда осы мәселелерге көп көңіл бөлінбек.

Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, 1992 жылы одақ тараған уақытта бес мемлекеттің су министрлері бас қосып, Аламтыда келісімге қол қойған. Өйткені, кеңес кезінде ішкі өзен болып есептелетін Сырдария мен Амудария мемлекетарлық өзне болып кетті. Бірақ бұл келісім жалпылама болды, одан кейін екінші келісімге қол қойылды,- деді ол.

Онда Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, бес мемлекет. 1993 жылы қор құрылды. Сол қордың арқасында халықаралық институттардан көп қаржы тартыла бастады. Көп мәселені шеше бастадық. Бірақ келісімде нақты ештеңе айтылмаған. 1998 жылы наурызда екінші келісімге Сыр бойындағы төрт мемлекет, Түркіменсіз қол қойдық. Қырғызстанда Нарын каскады бар. 5 электр стансасы бар. Өзбекстанда Әндежан, Шарбақ су қоймалары, Тәжікстанда Қайрақұм су қоймасы, бізде Шардара су қоймасы бар. Олардың әрқайсысының астында электр станасалары бар. Сол электр стансалары бар су қоймаларын қалай реттеп жұмыс істетеміз деп сондай бір механизм жасаған болдық. Бұл халықаралық ұйымдардың көмегімен болды. Ол кезде біздің экономикамыз қиын жағдайда болды. Қайта-қайта басымызды қосып, талқылап, қол қойдық. Оны бес жылға дегенбіз, енді жарты жылдың ішінде ешкім ештеңе демесе ары қарай созылып кетеді деп отырмыз.

Былтыр соның механизмдерін күшейтейік деп бір бастама көтеріп-ек, бірақ оны ешкім қолдаған жоқ.

Сыр бойында өте қиын жүйелеріміз бар. Мысалы, Достық жүйесінің басы Өзбекстаннан басталады, аяғы біздің Мақтаралмен бітеді. Өзбектер су беруін бізге энергияға байланыстырып қойған, қырғыздарға байланыстырып қойған.

Ферғана алабында 7 миллиондай адам тұарды. Ол жерде сусыз ештеңе өспейді. 3,5 милллион гектардан аса жерлері бар. Соның бәрін суаруы керек. Бізге су жетпей жатады. Бізге Шардарадан төмен қарай да су керек.

Өзбекстан Арнасай деген жер бар. Шардараның сол жағында. Сол жерге су көп жылдары су тастаймыз. Өйткені, қысты күні төмен қарай су сыймайды.

Қазір Қырғызстан энергетикалық режимге көшіп кетті. Олардың бұдан басқа қорлары жоқ. Сондықтан суды пайдаланып энергия өндіреді. Қысты күні Тоқтағұл су қоймасынан су жібереді. Содан кейін біздің Шардара тез толып қалады да төмен қарай ылғи проблема. Өйткені төмен жағында Қызылорда отыр. Қыста ол жерде 350 текше метр судан артық су кетпейді. Оны біз реттеп алуымыз керек. Қазір Арнасай су тастайтын ойпатында өзбектер өздеріне су қоймасын жасап жатыр. Сол су қоймасын биыл бітсе, біз су тастай алмай қаламыз. Сондықтан біз бәрін төмен қарай жіберуіміз керек. Сол үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бір-екі жыл кешігіп жатырмыз. Ол жұмыстарды бесінші жылы бітеміз. Аралдың солтүстік жағын бөліп алып, су қоймасын жасап, одан кейін Сырдың арнасын ретке келтіріп, қыстың күні 500–600 текше метр секундына жіберітндей жағдай жасап жатырмыз. Соны бітірсек, Арнасайға су тастамайтын шығармыз деген ниет бар.


Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, суға қатысты шешілмеген мемлекетаралық мәселе көп.

Үш мемлекетке су жағынан тәуелді болып отырмыз. Бұл мәселені шешпесек, жылда осындай проблема болып отырады. Жақсы механизм болмағаннан кейін Қазақстан ылғи ұтылып отырады. Әсірес ол Мақтарал жағынан.

Әмірхан Кеншімов, Душанбе форумында бұл мәселелерді қарау көзделмегенін, алайда, ресми емес жағдайда болса да мемлекеттік су органдарының басшылары бұл тақырыпты қозғайды деген ойын айтты.

Ол бұл мәселелер жыл сайын хаттамалар мен анықталып отырғанын айтты. Бірақ ол бұл мәселеге экономикалық мехнаизм жасалып, қол қойылуы керек деген пікірде.
XS
SM
MD
LG