Accessibility links

«Су тапшылығын тартудың қауіпі бар»

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, Қазақстанның өз ішінен оңтүстік аймаққа су арналарын бұру аса қымбатқа түсіп отыр.

Әртүрлі жобалар бар. Жақында Үкіметтен бір қағаз келіп түсті. Қазақстанның ішінен суларды қалай бұру керек, Аралға қайтып апару керек деген мәселелерді көтеріп, соның схемасын сызып берген. Қазір ақарап жатырмыз. Содан кейін Ресейден су алуға болады. Ол саясатқа көбірек саяды. Олар үшін кеңес кезінде Аралға қалай су жеткіземіз деп бір схемалар жасалған. Көп қаржы керек. Мүмкін кеңес одағы кезінде көтереалатын ба едік. Ондаған миллиард доллар қаржы керек. Бірақ ондай жобалар ұсыныс деңгейінде. Жоба жасалып жатқан жоқ. Мысалы, Қазақстанның суының 44 пайызы шетелден келеді.

Оның айтуынша, кеңес одағы кезінде жерасты су қорларының жағдайы зерттелінген. Оған қосымша таба қою қиын. Негізінен барлығы белгілі. Жылына пайдалана алатын суымыз 100 текше куба километр

Әмірхан Кеншімовтің пікірінше, Аралды құтқару, қайтадан қалпына келтіру үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіментстан суғаруды қоюы керек . Біз де суғаруды қоюымыз керек. Ол мүмкін емес қой. Аралағ құятын судың 80 пайыздайы жер суғаруға кетіп жатыр. Оның үстіне Түркіменстанда үлкен Аралға баратын сулардың барлығы қайтып өзенге құйылып жатқан жоқ. Негізінен құмға сіңіп кетіп жатыр.

Бір гектар дақылды суғару үшін оңтүстікте орта есппен мысалы, 12-14 мың куб текше метр су береді деп отыр бір гектарға, егер соны пайдаланудың технологиясын жөндесек, 30 пайыздай су үнемдеуіміз мүмкін.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, Қазақстанның су тапшылығын тарту қауіпі бар.

Қазірден көңіл бөлмесек, келешекте су тапшылығын қатты көреміз.

Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан басқа аймақтарда суғармалы жерлер негізінен жоқ, тек оңтүстікте ғана қалды. Оны қалпына келтіру керек. Суды есептеу жағынан үлкен бағдарлама керек.
XS
SM
MD
LG