Accessibility links

Иран үкіметі барлау істері жөніндегі министрліктің қызметкерлерін канадалық журналист әйел Заһра Каземидің өліміне қатысы бар деп есептемейді.


ТЕҺРАН: Иран үкіметі барлау істері жөніндегі министрліктің қызметкерлерін канадалық журналист әйел Заһра Каземидің өліміне қатысы бар деп есептемейді. Ол жөнінде сейсенбі Теһран прокуроры хабарлады. Иранда туған канадалық журналист Заһра Каземи Теһрандағы бір түрмені сырттан суретке түсіріп жүрген сәтінде қамауға алынып, 10-ыншы шілде күні түрмеде мерт болды. Иран үкіметі оның басына тиген ауыр соққыдан қаза болғанын мойындады. Заһра Каземидің қайғылы қазасынан кейін Иран мен Канада арасындағы қарым-қатынас күрт салқындап кетті
XS
SM
MD
LG