Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскері коалициялық күштердің жауынгерлеріне қарсы тосын шабуылдарға қатысы бар кісілерді іздеу мақсатында ауқымды шара өткізуде.


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері коалициялық күштердің жауынгерлеріне қарсы тосын шабуылдарға қатысы бар кісілерді іздеу мақсатында ауқымды шара өткізуде. АҚШ-тың әскери басшылығының хабарлауынша, 24 адам, оның ішінде тұтқиыл шабуылдарға байланысты іздеу жарияланған 7 кісі ұсталған. Ол шара тағы бірнеше күнге созылмақ. Сейсенбі күні АҚШ әскерилері мінген автокөліктің минаға тап болуы нәтижесінде 1 АҚШ жауынгері мерт болып, екеуі жараланды. Дубай қаласынан хабар беретін “Әл-Арабия” телеарнасы, сейсенбі күні, бір топ экстремистің Ирақтағы коалиция күштеріне және АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігі құрған Басқару кеңесіне террористік қастандықтармен қорқытпақ болған бейне үндеуін көрсетті.
XS
SM
MD
LG