Accessibility links

Палестина басшысы Я.Арафаттың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қауіпсіздікке жауап беретін Д. Раджубты өзінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі етіп тағайындауына АҚШ наразылық білдірді.


ВАШИНГТОН: Палестина автономиясының басшысы Ясир Арафаттың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қауіпсіздікке жауап беріп келген Джибрил Раджубты өзінің ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі етіп тағайындауына АҚШ наразылық білдірді. Ақ үйдің өкілі Клэр Бьюкэн ханымның мәлімдеуінше, жаңа тағайындау Палестина автономиясының премьер-министрі Махму Аббасқа қарсы бағытталып отыр және Таяу Шығыстағы жанжалды реттеудің “жол картасы” деп аталатын халықаралық жоспарын жүзеге асыруды қиындатады. Вашингтонның пікірінше, Палестинананың қауіпсіздік қызметі Махмуд Аббас пен оның одақтасы – қауіпсіздік министрі Моһаммад Даһланның бақылауында қала беруі керек.
XS
SM
MD
LG