Accessibility links

“Коламбия” шаттлының үстіміздегі жылғы ақпан айындағы апаты үшін жауапкершіліктің бір бөлігі АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігіне артылады.


ВАШИНГТОН: Тәуелсіз тергеудің нәтижелеріне сәйкес, “Коламбия” шаттлының үстіміздегі жылғы ақпан айындағы апаты үшін жауапкершіліктің бір бөлігі АҚШ-тың НАСА ғарыш агенттігіне артылады. Тергеу нәтижесін өткен сейсенбі күні жария еткен тәуелсіз комиссия мүшелерінің пікірінше, “Коламбия” ғарыш кемесінің ғарышқа соңғы ұшқан кезінде, оның сыртқы қабығының зақымдалуынан төнген қатерді НАСА мамандары дер кезінде ескертпеген. Сейсенбі күні АҚШ президенті Дж.Буш Американың ғарыш кеңістігін игеру бағдарламасы әрі қарай жалғасады, жіберілген қателіктер түзетіледі деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG