Accessibility links

Ресей үкіметі Мемлекеттік Думаның талқылауына 2004-інші жылғы бюджеттің жобасын ұсынды.


МӘСКЕУ: Ресей үкіметі Мемлекеттік Думаның талқылауына 2004-інші жылғы бюджеттің жобасын ұсынды. Таяу күндері ол құжат Дума комитеттеріне таратылып берілмек. Бюджет жобасының бірінші оқылымы Думаның 19-ыншы қыркүйекте өтетін мәжілісінде болады деп күтілуде. Ресейдің келесі жылғы бюджеті профицитпен жобаланып отыр, яғни оның кіріс бөлігі шығыстан 83 млрд. рубльге артық болуға тиіс. Бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлағанда оның авторлары 1 баррель Ресей мұнайының әлемдік нарықтағы бағасын 22 доллар болады деп есептеген.
XS
SM
MD
LG