Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Иранды өзінің ядролық нысандарына халықаралық инспекцияны дереу және ешбір талап-шартсыз жіберуге шақырды.


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Иранды өзінің ядролық нысандарына халықаралық инспекцияны дереу және ешбір талап-шартсыз жіберуге шақырды. Мемлекеттік департаменттің өкілі Филип Рикердің атап көрсетуінше, ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге қоса тиесілі қосымша хаттамаға Иранның қол қоюына АҚШ үкіметі онша сенбейді, өйткені өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде Теһран ешқашан толық ақпар берген емес. Сейсенбі күні Иран үкіметінің өкілі: егер атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің инспекторлары елдің әскери құпия саласына қол сұқпайтын болса, оларды өзінің ядролық нысандарына жіберуге Теһран дайын деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG