Accessibility links

Ислам даму банкі басқармаларының жиналысы

  • Досан БАЙМОЛДА

Ислам даму банкі басқармаларының Алматыда өтетін жыл сайынғы жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы

2003-жылдың тамыздың 30-ы мен қыркүйектің 3-і аралығында Алматыда өтетін Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысына дүниежүзінің 54 елінен 500-ден астам өкіл жиналмақшы.

"Қазинвест" компаниясынан хабарлады. Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысының ашылу салтанаты 2-қыркүйекте Алматы қалалық әкімшілігінің залында өтеді. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.

Сол күні "The Regent Almaty" қонақ үйінде Ислам даму банкі басқармалары кеңесінің жұмыс бабындағы сессиясы басталады. Ислам даму банкі басқармаларының жыл сайынғы 28-жиналысы 3-қыркүйекте аяқталады. Жиналыс аясында "Шаңырақ-2003" атты 3-халықаралық сауда-өнеркәсіптік көрме өтеді.

Жиналысқа Араб мемлекеттері Даму Қорларының өкілдері (Сауд Арабиясы, Кувейт, Аду-Даби т.б.), ОПЕК қорының, ислам банктерінің, Ислам елдері кеңесшілері мен мердігерлері федерациясының, ислам елдерінің маңдай алды кәсіпкерлік өкілдері қатысады. Қазақстан жағынан жиналысқа парламент өкілдері, министрлік және ведомство басшылары, жетекші банктер өкілдері, ҚазақМұнайгаз, Қазпошта, Қазақстан Темір жолы, Эйр Қазақстан, Қазақтелеком тәрізді Ұлттық компаниялар өкілдері мен Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің елшілері қатысады.

Жыл сайынғы жиналыс бағдарламасында көптеген шаралар қарастырылған. Атап айтсақ, кездесу барысында "Ислам Даму банкінің қаржыландыру әдістері", "Ауылшаруашылығындағы биосолендік технологиялар орталығының іс-қызметі" тақырыбында семинарлар ,"Оралық Азиядағы әйелдер ролі", "Ислам даму банкіне мүше-мемлекеттердің ішкі инвестиция саласындағы өзара ынтымақтастығы" тақырыбындағы симпозиумдар мен Ислам елдерінің кеңесшілері Федерациясының бас қосуы тәрізді шаралар межеленген. Жиналысқа қатысушыларға арналып кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді.
XS
SM
MD
LG