Accessibility links

Өздерін «Желтоқсан» күрескерлері атайтын бір топ азаматтар журналистермен кездесті


Онда олар, «Желтоқсан» көтерілісіне неліктен саяси баға берілмей отыр? - деген сұраққа жауап іздеді.

«Тәуелсіздік Қарлығаштары» атты халық патриоттар қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүністің айтуынша, бүгінгі таңда желтоқсандықтардың жұмысына мемлекеттік шенеуніктер кедерді жасайды.

«Тәуелсіздік Қарлығаштары» атты халық патриоттар қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс:

- Қазақ халқының зиялы қаумы, партия, қозғалыс өкілдері, Қазақстанның азаматтары – «Желтоқсан көтерілісіне әлі күнге дейін саяси бағы берілмей келе жатыр», деген сұрақ қойып келе жатыр. Бұл бізге демеу болып отыр. Кейбір ақпарат бойынша, желтоқсандықтар өз жұмысын тоқтатқан, бірақ бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Алайда шенеуніктердің біздің іс-әрекетімізге бөгет жасайтынын барлығы біледі. Мұндай әрекетті шенеуніктер тек желтоқсандықтарға ғана емес, басқада партиялар мен қозғалыстарға көрсетіп отыр.

Алматы қалалық қүрғын-сүргінге ұшырағандар қоғамының төрайымы Жансая Сәбитованың пікірінше, қазақтар өз мәселесін шешіу үшін бірігуі керек.

Алматы қалалық құрғын-сүргін қоғамының төрайымы Жансая Сәбитова: -

Қазақтарды бөліп тастаған, партияға, сектаға. Сол себептен біз бірігуіміз керек. Қазақтар бір-біріне көмектеспесе, онда біз қалай ел боламыз. Кеште болса, Желтоқсан оқиғасына саяси баға беру керек.

Патриоттар мен ұлтшылдардың пайымдауынша, Желтоқсан оқиғасына саяси бағыны бүгін бермесе, болашақ ұрпақ алдында ұят болады.
XS
SM
MD
LG