Accessibility links

Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті


Талдау жұмыстары білім берудің барлық деңгейі сапа жағынан ақсап жатқандығын көрсетіп отыр.

Әсіресе, қоғамның техникалық дамуын анықтайтын математика сияқты пәндер бойынша оқушылар білімінің нашарлығы аса алаңдаушылық туғызуда. Мұндай жағдай бастауыш және орта кәсіби білім беру саласында да қалыптасып отр. Бұл жағдай 2002–ші – 2003-ші оқу жылдары 45 колледж жұмысының тоқталыуына және 54 мамандық бойынша білім беретін 27 колледж лицензиясының қайтарып алуға себеп болған.

Оқушылардың сапалы білім алуына материалдық-техникалық жабдықтың кемшіндігі де әсер еткен.

Бұл туралы тамыздың 27-і күні өткен білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшиденова мәлім етті.

Жалпы білім беру мектерінде оқушылар білімін бағалайтын мұғалімдер. Бұл орайда Күләш Шәмшиденова оқушылардың білім жетістіктерін көтеру әрекеттерінің де кездесетіндігін атады. Сондықтанда, оның пікірінше, оқушылардың білімін бағалауды сырттан тәуелсіз бағалаушылар жүргізсе, білім беру ұйымының қызметін обьективті анықтауға мүмкіндік береді.

Білім және ғылым вице-министрі, мектеп бітірушілердің мемлекеттік аттестациясымен жоғары оқу орындары және колледждерге түсушілердің біріңғай ұлттық тест жүргізу жұмыстарын біріктіру жайында айтты. Оның айтуынша, алдағы жылы облыс, қала және аудан орталықтарында 18-ден 100 ге дейін тест алудың арнайы бөлімшелері құрылатын болады. Тест алу мектептен тыс ғимаратта өткізіледі. Бірінші кезең жабық тест тапсыру жағдайында өтеді және нәтижесі сол күні жарияланады.

Түлектерге орта білім туралы аттестат және ұлттық тестіні тапсырғаны туралы сертификат беріледі. Осы құжаттардың негізінде жоғары оқу орындарына және колледждерге қабылдау жүргізіледі.

Кеңеске қатысқан Астана қаласының әкімі Темірхан Досмұхаметов, үш жылдың ішінде оқу орындары тапшылығының жойылатынын айтты. Оның айтуынша, жыл сайын кемінде 4 орта мектеп іске қосылатын болады.

Астана қалалық білім беру департаментінің директоры Әмірхан Рахымжанов, Астаналық білім-2 бағдарлама жобасының дайындалғанын айтты.

Сондай-ақ ол балалар арасында орын алып отырған қылмыстылық жағдайына да тоқталды. Оның айтуынша, осы жылы кәмелетке толмағандар 114 қылмыс жасап, 119 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал, кәмелетке толмағандар құқығын қорғау кеңесінде 159 іс қаралған.
XS
SM
MD
LG