Accessibility links

Халықаралық фестиваль кубогы қарағандылықтарда


Тамыздың 26 күні Қарағандының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Францияда өткен фольклорлық өнер ұжымдарының дәстүрлі фестивалінен үлкен табыспен оралды.

Олар фестваль кубогын жеңіп алды. 12 мемлекеттен келген фольклорлық ұжымдар арасыннан қазылар алқасы қазақстандықтарды ең үздік деп тапты. Францияның бірнеше қаласында болған фестиваль Порт Сюн-Сон қаласында қортындыланды дейді Қарағандының Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары Талғат Ыдырысов.

Қарағандылық өнер ұжымының жеңіске жетуіне «Тәттімбет» атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Аққу» бишілер тобы және әншілер Мүнира Мұқажанова, Талғат Ыдырысов, Сержан Мұсайын айрықша үлес қосқан. Қортынды есепте қарағандылық өнер ұжымын алға шығарған.
XS
SM
MD
LG