Accessibility links

Ауыл жастары жайында халықаралық кездесу

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ

Тамыздың 27 күні Астанадағы Қазақстанның Аграрлық партиясының Орталық кеңсесінде Ресей, Түркия және Қазақстан жастар ұйымдарының «Ауыл жастарының қоғамдық белсенділігін дамыту Ортақ ақпараттық кеңістік құру» деген тақырыпта дөңгелек үстел басындағы кеңесі болды.

Оны ұйымдастыруға мұрындық болған Қазақстан ауыл жастары Одағы. Аграрлық партияның баспасөз хатшысы Ақмарал Әбжанидың айтуынша кездесу барысында ауыл жастарының қоғамдық белсенділігін арттыру жайы талқыланып, алдағы уақытта үш ел жастары бұл салада үнемі ақпарат алмасуға келіскен. Дөңгелек үстел басындағы әңгімеден кейін жастар Қазақстан республикаы Парламентіндегі Аграрлық пария мүшелерімен кездесті.
XS
SM
MD
LG