Accessibility links

Егер палестиналқтарға қарсы зымырандық және басқа да шабуылдарын Израйль тарапы тоқтатқан жағдайда жауынгер топтарға қарсы шараларды бастауға өзінің әзір екендігін Палестина басшысы Ясер Арафат мәлімдеп отыр.


Бүгін Ройтер ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Арафат мырза Израйль тарапы әлгіндей қадамдарға барған жағдайда жауынгерлерге қарсы заңды орындауға өзінің әзір екендігін қайталады. Дәл қандай шараларды әзірлеуде екендігіне Арафат мырза тоқтала қойған жоқ. Дей тұрғанмен ол Палестинада азамат соғысының басталуына жол бергісі келмейтіндігін де айтты. Соңғы бейбітшілік келісімдері келіссөздерінен Арафат мырзаны АҚШ тарапы шығарып тастаған болатын. Себебі оны аймақтағы күш қолдануға жағдай жасап отыр, деп айыптаған еді. Израйль басқыншылығына қарсы бұдан 35 апта бұрын басталған Палестина тұрғындары көтерілісінің басқы кезінде Хамас және басқа да жауынгерлік топтар өкілдерін қамауға алғандығын Арафат мырза тілге тиек етті. Ондай қадамдарға өзінің қайта баруы мүмкін екендігін ол жариялап отыр. Бұл қадамдардың жүзеге асуы Израйль әрекеттеріне тікелей байланысты-, деді ол.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG