Accessibility links

Ирактағы жағдайға байланысты айтылып жатқан сындар мен шығындардың көбейе түскеніне қарамастан бұл ұстанған бағыттарынан қайтпайтындығын АҚШ ел басы Джордж Буш мәлімдеді.


Кеше Луис аймағында, ардагерлер алдында сөйлеген сөзінде Буш мырза кері шегінушілік болашақта бұдан да көп шабуылдарға алып келетін болады-, деді. “Террормен бетпе-бет жағдайда кері шегіну деген шабуылдардың одан әрі жалғасып, әрі күшейе түсуіне әкеледі. Бұл жерде ешқандай кері шегінушілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес”-, деді АҚШ ел басы. Ирактағы әскер санын көбейту жөніндегі пікірге орай ол алдағы уақыттарда да өзге елдер әскер күштерінің Иракқа көбірек тартылуын қалайтындығын айтты. Бұл орайда БҰҰ-на Ирактағы қайта құруларда көп биліктің берілуі тисітілігі ескертілуда. Ол сондай-ақ, соңғы әзірде қаза болған екі америкалық солдаттардың жайына тоқталды. Буш мырза мамырдың 1-і күні “негізгі соғыс қимылдары аяқталды”-, деп жариялағалы бергі аралықта Иракта осымен 140-тай америка әскериі қаза болып отыр. Бұл көрсеткіш нағыз соғыс кезінде болған шығындардан да жоғары боп тұр, - дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі. Ал, Саддам Хусейннің туған қаласы Тикритте АҚШ әскерилері танкілер, әскери көліктер және тікұшақтардың көмегімен, үш провинциядағы көтерілісшілерді түбірімен жою мақсатында бірнеше мәрте рейдтер жасаған болатын. АҚШ әскери өкілінің сөзіне қарағанда, күдікке ілінген 24-тей Саддам Хусейнге бүйрегі бұратындар Бақоубаға жақын маңда қолға түскен еді - дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG