Accessibility links

Алматыда мүгедек адамдар арасында қалалық спартакиада өтіп жатыр


Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жыл сайынғы спартакиада екі кезеңмен өткізіледі.

Аудандық іріктеу байқауларынан тұратын бірінші кезеңі 29-тамызда аяқталады. Бұл туралы Азаттық радиосына сәрсенбі күні Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитетінен хабарланды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, спартакиаданың бірінші кезеңіне 150 адам қатысуда. Олар суда жүзу, пауэрлифтинг, арбамен жарысу, армреслинг, сондай-ақ, садақ лақтыру мен үстел теннисі, протезбен жүгіру тәрізді спорттың сегіз түрінен бақ сынасады.

Жарысты Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитеті мен қалалық мүгедектер қоғамы бірлесіп ұйымдастырған. Алматы қалалық әкімшілігінің жанындағы денешынықтыру және спорт комитетінің қызметкері Нұрлан Шағиевтің айтуынша, қалалық спартакиада осымен оныншы мәрте өткізілуде.
XS
SM
MD
LG