Accessibility links

Ұлттық банкітің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын жаңа сайты


Қазақстан Ұлттық банкінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығатын жаңа веб сайты сәрсенбі күні өз жұмысын бастады.

Бұл туралы тамыздың 27-сінде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Банк төрағасының Григорий Марченко мәлімдеді.

Г.Марченконың айтуынша, бұл ТМД елдері орталық банктерінің ішіндегі санаулы сайттардың бірі болып табылады. Аталмыш банктің жаңа ВЕБ сайтының қазіргі жұмыс істейтін сайттан ерекшелігі жаңа бөлімдерінің ашылуы мен едәуір кеңейтіліп, тармақталуында болып отыр. Сайт құрылымы тиісті бөлімшелері бар 9 бөлімнен тұрады. «ҚР Ұлттық банкі туралы» бөлімінде банктің ұйымдық құрылымы, бос орындар, халықаралық ынтымақтастық, Ұлттық банктің ресми басылымдары мен жарияланымдары туралы ақпарат берілген. «Нормативтік құқықтық база» атты бөлімі қаржы рыногының сигменттері бойынша тармақталған және негізгі заңдардан, заңдардың жобаларынан, нұсқаулардан, ережелерден және басқа да нормативтік құжаттардан тұрады. Ал, ҚР банкноттары, тиын ақшалары туралы толық мәліметтерді «Қазақстан валютасы» бөлімінен табуға болады. «Деректерді жариялау стандарттары» бөлімінде Халықаралық валюталық қор әзірлеген жаңа макроэкономикалық статистикаға жауапты органдар тұрақты негізде жазуға міндетті қаржылық-экономикалық сипаттағы бірыңғай талаптарды көрсететін екі деңгейлі стандарт бар. Сонымен қатар, «Ақша-несие және валюта саясаты» бөлімінде банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары орналасса, «Төлем жүйелері» бөлімінде Банкаралық ақша аудару мен Бөлшек төлемдер жүйесінің сипаттамасы берілген. Сондай-ақ, «Қаржы рыногының сигменттері», «Статистика» және «Жедел қаржылық ақпарат» бөлімдерінен Ұлттық банктің қызметі мен алдағы жоспарларына қатысты маңызды ақпараттар алуға болады.
XS
SM
MD
LG