Accessibility links

Румыниядағы теміржол одағының шақыруымен болған наразылық шерулері барлық жолаушылар және жүк таситын пойыздарды екі сағатқа тоқтатып тастады.


Осы одақтың ресми өкілдері қыркүйек айының соңына қарай 19 мыңдай теміржол жұмыскерлерінің өз жұмыстарын доғаруына шақыруда. Одақ өкілдері мен Көлік министрі арасындағы кешегі кездесулер барысында айта қаларлықтай келісімдерге қол жеткізіле қойған жоқ. Сондықтан ондай сөйлесулер ертең қайта болуы мүмкін. Аталған наразылық шеруіне қатысушылар жұмыс орындарының қысқартылуына наразылықтарын білдіруде.

Нұрлытай Үркімбай

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG