Accessibility links

Иран Сыртқы істер министрі мен Жапон басшылығы арасындағы мұнайға байланысты келіссөздер одан әрі жалғасуда.


Сөйлесулерден кейін журналистерге берген сұхбатында Иран министрі Камал Харази бұл істің болашағы Жапония қызығушылығына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Ирандағы Азадеган мұнай көзіне байланысты келісімге 30-шы маусымға дейін қол қою мүмкіндігінен Жапония тарапы айрылып қалған болатын. Себебі, Иранның ядролық бағдарламасына орай Құрама Штаттары тарапынан жасалған қысым Жапонияның мұндай қадамға баруына ол жолы мүмкіндік бермеген еді. Дей тұрғанмен, қуат көздерінен тапшылық көріп отырған арал елі бұл келісімшартты қайта қарауға ділгір екендігін білдірген болатын. Әлемдегі ең ірі мұнай көзі боп саналатын Азадеганды игеру үшін Жапония тарапы екі миллиард доллардай инвестиция енгізуі тиіс-, дейді Ройтер ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG