Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына орай дағдарысты шешуге бағытталған кездесу өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.


Хабарларға қарағанда, бүгін таң ертең Құрама Штаттары өкілдері Солтүстік Кореялық делегациямен екі жақты ресми кездесу өткізген. Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Лосюковтың пікірінше, кездесулер қалыпты арнада өтуде. Солтүстік Корея бұрынғысынша, қарусызданбас бұрын өзіне қауіпсіздік кепілдемесінің берілуін талап етуде. Жапон баспасөзінің хабарларына қарағанда, АҚШ тарапы қазірдің өзінде озбырлықтан ада келісім жобасын әзірлеп отыр, - дейді Франс пресс ақпарат агенттігі. Ал, АҚШ делегациясы Солтүстік Корея өкілдерімен екі жақты келіссөздердің өткізілуі мүмкін емес, - деп отыр. Себебі бұл мәселенің көп жақты жағдайда талқылануын Құрама Штаттары қолдап шыққан болатын. Бар болғаны, кеше Солтүстік Корея Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Иоң 2-шімен АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Жеймс Келли бейресми жағдайда кездескен болатын,- дейді Мемлекеттік департамент өкілі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG