Accessibility links

АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремердің мәлімдеуінше, елді қалпына келтіруге ондаған млрд. доллар қаржы керек.


БАҒДАД: АҚШ пен Ұлы Британияның Ирақтағы уақытша әкімшілігінің жетекшісі Пол Бремердің мәлімдеуінше, елді қалпына келтіруге ондаған млрд. доллар қаржы керек. Оның пікірінше, ол қаражаттың басым бөлігі шетелдерден келуге тиіс. “Вашингтон пост” газетіне берген сұхбатында П.Бремер: Ирақтың экономикалық проблемалары орасан зор, бірақ елді жаппай тәртіпсіздік жайлаған деп есептеу адасқандық болады, деп мәлімдеді. Уақытша әкімшіліктің жетекшісі келесі жылдың қазан айына қарай Ирақ мұнайын өндіру – соғыстың алдындағы деңгейіне жетіп қалар деген үмітін білдірді. Алайда мұнайдан түскен барлық табыс та Ирақ экономикасын толық қалпына келтіруге жете қоймайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG